Тынық мұхитында әлемдегі ең үлкен айсберг еріп кетті
Тынық мұхитындағы әлемдегі ең үлкен А-68 айсбергі еріп кетті.
Sky News-тің хабарлауынша, төрт жыл бұрын Антарктидадан бөлінген кезде айсбергтің ауданы 6 мың шаршы шақырымды құраған. Сол кезде оның салмағы 1 триллион тоннаға тең екені айтылады. Қазіргі кезде ол бірнеше бөлікке бөлініп кеткен.
А-68 айсбергінің бөлінуі өткен жылы басталған болып, ғалымдар оның ұзақ уақыт бойы ерімегеніне таң қалды. Әуелде ол Антарктика түбегінің Ларсен мұздығынан 2017 жылда бөлінген болатын.