French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Twitter мен Facebook Трамптың парақшасын блоктап 44 млрд доллар жоғалтты
00:03 / 2021-01-13

АҚШ президенті Дональд Трамптың аккаунттары бұғатталғаннан кейін Facebook-тің нарықтық капиталы 41 миллиардқа, Twitter-дің бағасы 3 миллиард долларға дейін төмендеген.

NASDAQ сауда-саттық биржасында Facebook акциялары 5,3 пайызға төмендеп 731,56 млрд долларға түскен болса, Twitter акциялары 7,74 пайызға түсіп, компанияның нарықтық капитализациясының бағасын 38,3 млрд долларлық көрсеткішке әкеп соққан. 

Еске салар болсақ, Трамптың жақтастары Вашингтондағы Капитолий ғимаратында тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаннан кейін АҚШ президентінің Facebook пен Twitter парақшалары бұғатталды. Осы әлеуметтік желілер басшылығының айтуынша, Трамптың жазбалары әлеуметтік желінің зорлық-зомбылыққа шақыру мен оны қолдауға тыйым салатын ережелерді бұзған.

Трамптың Twitter аккаунты бұғатталғаннан кейін Telegram мессенджері АҚШ президентінің жақтастары арасында танымал бола бастаған. Оған сонымен қатар Трамптың жақтастары арасында танымал Parler әлеуметтік желісінің App Store мен Google Play дүкенінен алып тасталуы да әсер еткендігі айтылады.