«Turkish Airlines» Ыстамбұлдан Үргенішке алғашқы рейсін орындады
Түркияның «Turkish Airlines» әуе компаниясы Ыстамбұлдан Үргенішке алғашқы рейсін орындады.
ӨР Көлік министрлігінің мәліметінше Ыстамбұлдан ұшып шыққан түрк компаниясының Airbus A-320 ұшағы бүгін 07: 50-де Үргеніш халықаралық әуежайына қонды. Осыған орай әуежайға келген қонақтарды күтіп алу шарасы өтті, делінген хабарда.

Жоспар бойынша Ыстамбұл – Үргеніш – Ыстамбұл бағытындағы рейстер аптасына бір рет жұма күні жүзеге асырылады.
Еске салар болсақ, «Turkish Airlines» бұған дейін осы жылдың 8 маусымында Ыстамбұл – Ферғана – Ыстамбұл әуе бағытында алғашқы рейсті орындаған болатын.