«Turkish Airlines» Ыстамбұлдан Үргеніш пен Ферғанаға ұшуға рұқсат алды
Түркияның «Turkish Airlines» әуе компаниясы Ыстамбұлдан Үргеніш пен Ферғанаға тұрақты рейстерді орындауға рұқсат алды.
Көлік министрлігі жанындағы «Узавиация» агенттігі 2021 жылы 15 сәуірде Түрік әуе компаниясына Өзбекстанға Ыстамбұл-Ургеніш-Ыстамбұл және Ыстамбұл-Ферғана-Ыстамбұл бағыттары бойынша тұрақты рейстер жасауға рұқсат берген.
Айта кету керек, Turkish Airlines 2006 жылдың 28 қыркүйегінде No 27-K пайдалану лицензиясына ие болған. Қазірде компания Ыстамбұл - Ташкент - Ыстамбұл және Ыстамбұл - Самарқанд - Ыстамбұл бағыттары бойынша тұрақты рейстерді орындап келеді.