French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Туризм саласының алдында тұрған 11 негізгі мәселенің 6-сы шешімін тапты
18:22 / 2022-09-19

Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен Өзбекстанның ішкі және сыртқы туристік әлеуетін одан әрі арттыру шаралары туралы бейнеселекторлы кеңес өтуде.

Бұдан былай облыс, аудан, қала әкімдері аптасына бір рет туроператор, қонақүй, демалыс орындары өкілдерімен кездесіп, олардың мәселелерін шешетін болады.

Соңғы жылдары туризм саласының дамуына тұсау болған 11 негізгі мәселенің 6-сы шешімін тапты. Олар:

1) Туристік визаларды беру түбегейлі либерализацияланды.

2) Әуежайлардағы кезек пен тексерулер жойылды, жасыл дәліздер ашылып, вокзалдарда да қолайлы жағдайлар жасалды.

3) Қонақтар электронды түрде тіркеуден өтетін болып, олардың еркін жүруіне барлық жағдай жасалды.

4) Валюта айырбастаудағы шектеулер жойылды.

5) Қонақ үйлердің саны 3 есе өсіп, 125 мыңға жетті (2017 жылы 37 мың болған).

6) туристiк кәсiпорындар үшiн әлеуметтiк салық пен айналым салығының мөлшерлемесi 1 пайыз мөлшерiнде белгiленсе, жер салығы мен мүлiк салығының ставкалары 90 пайызға төмендетiлдi.