Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Туризм саласына қатысты жаңа заң қабылданады
15:04 / 2019-06-21

Өзбекстан Республикасы Жоғары Мәжілісі Сенатының жиырмасыншы жалпы отырысында сенаторлар тарапынан жаңа «Туризм саласындағы» заң талқыланды.


Бүгін Өзбекстан Республикасы Жоғары Мәжілісі Сенатының жиырмасыншы жалпы отырысында сенаторлар тарапынан жаңа «Туризм саласындағы» заң талқыланды.

Бұл заң саяхат индустриясын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға арналған. Қазірде бұл сала экономиканың маңызды секторына айналуда. Бұған қоса, Өзбекстан осы тараптан да, үлкен әлеуетке ие.

Заң осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды. Туризм саласына инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті нығайту, салықтық және кедендік жеңілдіктерді белгілеу, жаңа жұмыс орындарын құру, инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуді қолдайды.

Заң нормаларына сай туризм саласы субъектілерінің құқықтары, еркіндіктері, заңды мүдделерін және қауіпсіздігін қорғау, туризмді тұрақты дамыту және туризм үшін қолайлы жағдайлар жасау, туризмдегі бизнесті мемлекеттік қолдау, бәсекелестікті дамыту, туризм саласындағы ашықтық және еркіндік туралы негізгі қағидалар белгіленген.

Бұдан басқа, аталған заңда халықаралық және отандық туристік нысандарды, сондай-ақ мәдени, тарихи, саяхат, экологиялық, білім беру, этнографиялық, іскерлік, әлеуметтік, спорттық, медициналық, жастар туризмін және агротуризм сынды саяқат түрлерін нығайтады.

Бұл құжжат мемлекеттік экономиканың стратегиялық секторы ретінде дамытуға және сайып келгенде халықтың тұрмыс деңгейі мен өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететіні атап өтілді.

Бұл заң сенаторлар тарапынан мақұлданды.