Туристік қызмет көрсетуге байланысты жеңілдіктер 2021 жыл соңына дейін ұзартылды
Өзбекстанда туроператорлар, турагенттер және туризм саласында қонақ үй қызметтерін ұсынатын субъектілерге заңнамада көзделген жеңілдіктер мен қолайлықтар мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылады.
Мемлекет басшысы қол қойған қаулыға сай туристік қызмет көрсетуге байланысты мына жеңілдіктер орын алған:
- туроператорлар, турагенттер, сондай-ақ орналастыру орындары үшін табыс салығының ставкасын белгіленген мөлшерлемемен салыстырғанда 50 пайызға төмендету;
- шетелдік 10 адамнан тұратын туристік топтар үшін Өзбекстан Республикасында тур ұйымдастырса және олардың ел аумағында кем дегенде бес түн қалатын жағдайда туроператорлардың әуе және теміржол билет бағасының 30% -ы ішінара субсидияланады.
Туроператорлар, турагенттер және туризм саласындағы қонақ үй қызметтерін (орналастыру қызметі) ұсынатын субъектілер үшін:
- заңды тұлғалардан алынатын жер салығы мен мүлік салығын төлеуден босату;
- олар төлейтін әлеуметтік салықты 1 пайыздық төмендетілген мөлшерлемемен белгілеу.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін туроператорларға, турагенттерге және орналастыру орындарына байланысты сыртқы сауда операциялары бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешек үшін айыппұлдар салу тоқтатылады.