English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тур де Франста словениялық Тадей Погачар жеңіске жетті
07:13 / 2020-09-21

Тур де Франс-2020 веложарысында «UAE Team Emirates» командасының мүшесі словениялық Тадей Погачар жеңімпаз атанды


Тур де Франс-2020 веложарысында «UAE Team Emirates» командасының мүшесі словениялық Тадей Погачар жеңімпаз атанды.

21 жастағы велошабандоз алғаш рет қатысқан турнирде 21 кезеңнен тұратын жарыстың бүкіл қашықтығын 87 сағат 20 минут 5 секундта басып өтіп, сайыс тарихында екінші нөмірлі жас велошабандоз атағына ие болды.

107-ші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі дода тарихында үздік жас жеңімпаз француздық Анри Корне болып табылады. Ол 1904 жылы 19 жасында жеңіске жеткен.

Жарыста «Jumbo-Visma» мүшесі Примож Роглич 2-орынды, ал австралиялық Ричи Порт 3-орынды иеленді.