Тур де Франс жарысында жанкүйер үлкен соқтығысқа себеп болды
108-ші Тур де Франс веложарысы жанкүйер себеп үлкен соқтығысқа тап болды.
Оқиға Бресттен Ландерноға дейінгі таулы жол бойында мәреге 45 шақырым қалғанда орын алған. Оған жарыс трассасына веложарысшыларды байқамай камераға қарата жазуы бар кардон ұстап шыққан қыз себеп болды. Неміс велошабандозы Тони Мартин тура келіп қызға соғылды және артта келе жатқан басқа қатысушылар да құлап соңы үлкен соқтығысқа ұласты.
<iframe width="823" height="463" src="https://www.youtube.com/embed/Bh5y1q-MDl0" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>Осы жағдайдан кейін Мартин Тур де Франс алғашқы кезеңінің финишіне 25 минут кешігіп жетті.
Осы жағдайға байланысты жарыс директорының орынбасары Пьер-Ив Тюль жарыс басшылығы мұндай оқиғалар қайталанбауы үшін әйелді сотқа беруді көздегенін айтты. L'Equipe басылымының хабарлауынша, жергілікті полиция көрерменді іздеу тізіміне қосқан.