Тунисте коменданттық сағат енгізіліп, қоғамдық митингілерге тыйым салынды
Тунис президенті Кайс Саид елде қоғамдық митингілерге тыйым салынып, коменданттық сағат жарияланғанын мәлімдеді.
Елде 26 шілде мен 27 тамыз аралығында сағат 19:00-ден 6:00-ге дейін адамдар мен көліктердің жүруіне тыйым салынған. Бұл шектеу түнгі уақытта жұмыс істейтін адамдар мен қажетті медициналық көмек қызметіне қатысты емес.
Reuters ақпарат көзінің дерегінше, мұндай шаралар елдегі тұрақсыз саяси жағдаймен байланысты.
Президент Саид көпшілікке арналған көшелер мен алаңдарда 3-тен астам адамның жиналуына және адамдар мен көліктердің қалалар арасында қатынауына тыйым салған.