Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тунистің бұрынғы президентіне халықаралық іздеу жарияланды
09:33 / 2021-11-05

Тунис елін 2011-2014 жылдар аралығында басқарған бұрынғы президенті Монсеф Марзукиге халықаралық іздеу жарияланды.

Afrique Presse ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұрынғы мемлекет басшысына қатысты тергеуге төрағалық еткен судья осындай шешім шығарды.

Тунистің қазіргі президенті Кайс Саид 14 қазанда экс-президент Марзуки France 24 телеарнасында сөйлеген сөзінен кейін әділет министрінеоған қатысты тергеуді бастауға шақырған болатын.

Француз телеарнасына берген сұхбатында Марзуки 20-21 қараша күндері Тунистің Джерба ​​аралында өтуі жоспарланған француз тілінде сөйлейтін елдер саммитін кейінге қалдырғанын мақтан тұтатынын мәлімдеген еді.