Тәуліктік коронавирус және пневмония жағдайының антирекорды жаңарды
Өзбекстанда өткен тәулікте коронавирус және және пневмония жағдайлары 1280-нен асып жаңа антирекорд жасады. Бұдан бөлек 7 науқас қаза болған.
«2021 жылдың 23 шілдесіндегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 123 559 (+773) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Ташкент облысы (95 адам) мен қаласында тіркелген - 109 адам.
Республика аумағында коронавирус жұқтыру деңгейі артуымен қатар пневмония жағдайы да өсуде. 19 шілдеде 465 кісі, 20 шілде 478, 21 шілде 492, 22 шілде 462, ал бүгін 507 адамда пневмония анықталған.
ДСМ-нің дерегінше, өткен тәулікте 659 азамат аурудан сауығып, 7 науқас індеттен көз жұмған.
Бүгінде елдегі сауыққандардың жалпы саны 117 962-ге жетіп, өлім саны 826-ны құрауда.