Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Тәуелсіздіктің отыз екі жылдығын мерекелеу қарсаңында еліміздің гуманистік саясатының іс жүзіндегі дәлелі ретінде «Жазасын өтеп жатқан, жасаған әрекетіне шын өкінген және түзеу жолына табанды түрде әрекет еткен бір топ азаматтарды кешіру туралы», - Жарлыққа қол қойды.
Қаулыға сәйкес, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 109-бабының 23-тармағына сәйкес жасаған қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан және өз іс-әрекетіне шын жүректен өкініп, түзелу жолына табанды түрде түскен 286 азаматқа рақымшылық жасалды.
Рақымшылық жасалғандардың 109-ы негізгі жазадан босатылса, 116-сы мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды, 25-і жеңілдетілген жазамен ауыстырылды. Сондай-ақ 36 адамға тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасының мерзімі қысқартылды.
Рақымшылық жасалғандардың 39-ы әйелдер, 22-сі 60 жастан асқан ер адамдар, 30-ы шетел азаматтары, 3-і тыйым салынған ұйымдардың мүшелері.
Жарлықтың орындалуына қатысты рақымшылық жасалған азаматтардың отбасы мен туған-туыстарына оралуына, қоғамдық өмірге бейімделуіне, пайдалы еңбекпен айналысуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамда лайықты орнын табуға көмектесу бойынша жауапты министрліктер мен ведомстволарға тиісті тапсырмалар берілді.