Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тәуелсіздік мерекесіне орай зейнетақы алдын ала беріледі
13:50 / 2024-08-29

Тәуелсіздік мерекесіне орай зейнеткерлерге банк картасы арқылы алатын азаматтардың қыркүйек айының зейнетақысы 1 қыркүйекке дейін аударылады.

Зейнетақы қорының хабарлауынша, үлкен жастағы азаматтарды, зейнеткерлерді, мүгедектігі бар адамдарды қолдау және мерекені көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алу мақсатында, зейнетақы төлемдерін банк картасы арқылы алатын азаматтардың қыркүйек айындағы зейнетақы төлемдері 1 қыркүйекке дейін аударылады.

Президенттің «Еңбекақы, зейнетақы және жәрдемақы мөлшерін арттыру туралы» Жарлығына сәйкес, қыркүйек айындағы зейнетақы 15 пайызға көтерілген мөлшерде зейнеткерлерге төленуі қамтамасыз етіледі.

Қолма-қол ақша түрінде зейнетақы алатындарға төлемдер 4 қыркүйектен бастап Халық банктің мобильді кассалары арқылы кестеге сәйкес жүзеге асырылады. 

Айта кетейік, Өзбекстан Президентінің Жарлығына сәйкес, 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 15 пайызға өскен.