Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тәуелсіздік күніне орай өзбекстандықтар қанша күн демалатынын белгілі болды
13:12 / 2021-08-18

Өзбекстандықтар 1 қыркүйек – ел Тәуелсіздік күніне орай қатарынан 5 күн демалады. Мерекеге байланысты республикадағы кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық қызметкерлеріне бес күн қатарынан демалыс беріледі.

Мемлекет басшысының мереке күндерін белгілеу туралы жарлығына сәйкес 2021 жылдың 2 және 3 қыркүйегі қосымша демалыс күндері болып белгіленген. Сондай-ақ, 4 қыркүйек (сенбі) жұмыс аптасының түріне қарамастан барлық қызметкерлер үшін демалыс күні болып табылады және олар бұл үшін басқа күні жұмыс істеуге міндетті емес.

Осылайша, 2021 жылы жұмыс аптасының түріне қарамастан барлық өзбекстандықтар қызметкерлер 1 қыркүйектен 5 қыркүйекке дейін қатарынан 5 күн демалады.

  • 1 қыркүйек (сәрсенбі) - «Тәуелсіздік күні»;
  • 2 қыркүйек (бейсенбі) - қосымша демалыс күні;
  • 3 қыркүйек (жұма) - қосымша демалыс күні;
  • 4 қыркүйек (сенбі) - демалыс күні (барлығына, жұмыс аптасының түріне қарамастан);
  • 5 қыркүйек (жексенбі) - демалыс күні.