Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы Өзбекстан мен Қазақстан ынтымақтастығы
15:05 / 2022-02-16

Өзбекстан мен Қазақстан тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында бірлесіп ынтымақтастық жасайды.

Өзбекстан тұтынушылардың құқықтарын қорғау федерациясының хабарлауынша, федерация төрағасы Жахонгир Саримсаков Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық Лигасының басшысы Светлана Ромоновскаямен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында ұйым басшылары екіжақты қарым-қатынас, екі ұйымның тұтынушылар құқығын қорғаудағы ынтымақтастық мәселелері мен тез арада шешуді қажет ететін өзекті шаруалар талқыланып, өзара қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында тұтынушылар құқығын қорғауға бағытталған ірі жобалар жөнінде пікір алмасты.

Келіссөздер барысында Өзбекстан тұтынушылардың құқықтарын қорғау федерациясы мен Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық Лигасы арасындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау және трансшекаралық тұтынушылардың шағымдарын қарау саласындағы ынтымақтастық мәселелері, туризм саласындағы екі ел азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, туристерді толық ақпаратпен қамтамасыз ету, олардың тұтынушы ретіндегі құқықтарының бұзылуына жол бермеу және өзара тәжірибе алмасу жөнінде де сөз болды.

Әңгіме барысында қазіргі күнде жаһандық мәселеге айналып отырған тұтынушылардың құқықтарын кепілдендіру бойынша екіжақты ынтымақтастықтың жоқтығын ескере отырып, өңірдегі тұтынушыларды толықтай қолдайтын ұйым құру идеясы ұсынылды.

Осыған орай тұтынушылар Лигасы және Федерация бастамасымен Орталық Азия тұтынушылар ұйымын құру және сол арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсаты қойылды.