English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Цукерберг, Илон Маск, Безос және бірнеше милиардерлер Дональд Трампқа кеңесші болды
15:27 / 2020-04-24

Президент Дональд Трамп коронавирустық пандемиядан кейін елді дағдарыстан шығару үшін «Ұлы Америка экономикасының қайта өрлеу» жобасын жүзеге асырылатынын мәлімдеді


АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирустық пандемиядан кейін елді дағдарыстан шығару үшін «Ұлы Америка экономикасының қайта өрлеу» жобасын жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

Ақ үйдің ресми сайты айтулы жобаға қатысушы саланың үздік топ мүшелерін жариялап оны «Экономикалық қайта өрлеудің ұлы америкалық тобы» деп атады.

Құрама Штаттардың ең үздік көшбасшыларынан құралған бұл топ, Ақ үй әкімшілігімен Американың бұрын-соңды болмаған өркендеуінің болашағын жоспарлау үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады. Топқа барлық сала бойынша 200-ге жуық мамандар тартылған. Олар арасында әлемге әйгілі кәсіпкерлер, қаржыгерлер, спорт индустриясының өкілдері мен әр саланың үздіктері орын алып, соның ішінде "Tesla" компаниясының бас директоры Илон Маск, "Amazon" компаниясының бас директоры Джефф Безос, Apple компаниясының бас директоры Тим Кук, Facebook бас директоры Марк Цукерберг, "Coca-Cola" компаниясының бас директор Джеймс Куинси, "McDonald's" бас директоры Крис Кемпчински, Mastercard президенті Аджай Банга, "UFC" президенті Дана Уайт және көптеген басқа трансшекаралық корпорациялардың менеджерлері Ақ үйдің тізімінен орын алған.