Төрт университетте туризм саласындағы жаңа магистрлік мамандықтар ашылады
Өзбекстанның жоғары оқу орындарының төрт білім ордасында туризм саласындағы жаңа магистрлік мамандықтар ашылады.
Президент жарлығымен 2021/2022 оқу жылынан бастап «Жібек Жолы» халықаралық туризм тниверситеті, Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті, Бұхара және Термез мемлекеттік университеттерінде «қажылық туризм», «көлік логистикасы» және «шығармашылық индустрия» мамандықтары бойынша магистратурада оқыту жүйесін енгізеді.
Бұдан бөлек қажылық туризмін дамыту жөніндегі төраға орынбасары лауазымы қазіргі туризмді дамыту комитеті төрағасының орынбасарларының қатарына енгізілді және комитеттің ұйымдық құрылымында жоспарланған штаттық қысқарту есебінен 2021 жылы 9 мемлекеттік бөлімнен тұратын қажылық туризмін дамыту департаменті құрылды.