Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Төрт дүркін Олимпиада чемпионы жылдың үздік спортшысы атанды
12:18 / 2021-12-10

Көркем гимнастикадан төрт дүркін Олимпиада чемпионы, американдық спортшы Симона Байлз Time журналының танымы бойынша 2021 жылдың ең үздік әйел спортшысы атанды.

Басылым, 24 жастағы американдық арудың ауыр қиындықтарды бастан өткергенін, ойға келмейтін күш-жігер жұмсап, Токиода өткен соңғы Олимпиадада күміс пен қола медаль жеңіп алғанын ерекше атап өткен.

Еске сала кетсек Олимпиада ойындарында психологиялық мәселелерге байланысты Симона Байлз көптеген жүлдеге бойынша фаворит саналғанымен, екі-ақ медал жеңіп алған болатын. Жарыстан кейін ол АҚШ ұлттық құрамасының бұрынғы дәрігері Ларри Нарсонның өзіне сексуалдық зорлық-зомбылық жасағаны туралы жария етті.

Байлз жалпы Олимпиада ойындарында төрт алтын, бір күміс және екі қола медалға ие және 19 дүркін әлем чемпионы.