Түркияның Бурса қаласында Түркітілдес елдердің омбудсмендері мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттар қауымдастығын құру туралы меморандумға қол қойылды.
2022 жылғы 12 мамырда Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының директоры Акмал Саидов пен Олий Мажлистің Адам құқықтары жөніндегі өкілі (Омбудсмен) Феруза Эшматова бастаған делегация Түркияның Бурса қаласында өткен Түркітілдес елдер омбудсмендері қауымдастығының және Адам құқықтары бойынша ұлттық институттар қауымдастығын құру жөніндегі құрылтайға қатысты.
Хабарда айтылғандай, кездесуге қатысушылар түркітілдес елдер арасындағы қарым-қатынастың барлық салада дамып келе жатқанын және ұлттық құқық қорғау институттарының ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуі бауырлас халықтардың мүддесіне қызмет ететінін атап өткен. Құрылым өзара тәжірибе алмасу, оқыту, озық шетелдік тәжірибені қабылдау алаңы болады.
Талқылаулар қорытындысы бойынша Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан Уәкілдері мен Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы арасында Түркітілдес елдердің Омбудсмендері және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттар қауымдастығын құру туралы меморандумға қол қойды.