Түркістандағы Түркі кеңесі саммиті видеоконференция режимінде өтеді
Қазақстанның оңтүстігі Түркістан қаласында 31 наурызда өтуі тиіс Түркі кеңесінің бейресми саммиті видеоконференция режимінде өтетін болды.
«ҚазАқпарат» агенттігінің ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкіліне сілтеме жасай хабарлаған мәліметінде, «Қазақстан тарапы эпидемиологиялық ахуалға байланысты осы жылдың 31 наурызында Түркістан қаласында өтеді деп жоспарлаған Түркі кеңесінің бейресми саммитін видеоконференция режимінде өткізу туралы шешім қабылдады. Түркітілес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығына бұл шешім ресми түрде хабарланды», - делінген.