Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркістан облысында тұрғын үйде болған өрттен 12 адам мерт болды
15:47 / 2025-11-18

Қазақстанның Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды.

KAZINFORM хабарлауынша, бұл туралы Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бүгін таңертең Түркістан облысы ТЖД «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенге дейін тұрғын үй толықтай өртке оранған.

«Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды.

Көршілердің айтуынша, алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған», делінген хабарламада.

Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілген.

Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себептері қазірге белгісіз. Тергеу басталған.