Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркістан Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына ресми түрде қабылданды
08:19 / 2021-02-25

Түркістан шаһары Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына (ДМҚҰ) ресми түрде қабылданды. Бұл туралы қала әкімдігі ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ұйымға мүше болу арқылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің қызығушылығын одан сайын арттыра түспек. 

Сондай-ақ, күн сайын көркейіп келе жатқан шаhардың қала статусын арттырып, жергілікті тұрғындарға ерекше қуаныш сыйлайды. 

Осы мақсатта 2 сәуір күні Түркістан қаласында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының X Халықаралық конференциясы өтеді. Бұл конференция Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылмақ

Айта кетейік, аталған ұйым 1993 жылы 8 қыркүйекте Фес қаласында (Марокко) құрылған болатын.