Бүгін Арқадағ қаласында «Бейбітшілік пен сенім жылы: балалар үшін халықаралық қызметті дамыту» атты халықаралық конференция өтті.
Түркіменстанда Гурбангулы Бердімұхамедов атындағы қайырымдылық қоры құрылғанына төрт жыл толуына орай ұйымдастырылған шарада Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева да қатысты.
– Огулжахон Гурбангулыевна Атабаева ханымның шақыруымен Түркіменстанда өткен халықаралық конференцияға қатысу мәртебесі бұйырды, – деді Президенттің көмекшісі. – Біздің халықтарды тек көршілестік емес, ғасырлар бойы қалыптасқан туыстық байланыстар, ортақ мәдениет пен ұлы тарих біріктіреді.
Жиынға Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркия, Иран, Ресей, Қытай, Беларусь, Үндістан, Грузия, Армения, Пәкістан, Австрия елдерінен келген делегаттар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың мемлекеттік құрылымдары мен үкіметтік емес ұйымдарының басшылары қатысты.

Іс-шарада өскелең ұрпақтың дене және рухани саулығы, ана мен бала денсаулығын қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені айтылды.
Мұндай игі бастамалар ата-бабаларымыздан жеткен адамгершілік дәстүрлерінен нәр алады.
– Гурбангулы Бердімұхамедов атындағы қайырымдылық қорының қызметі менде зор әсер қалдырды – бұл балаларға деген қамқорлықтың, жауапкершілік пен шынайы махаббаттың айқын үлгісі, – деді Саида Мирзиёева. – Бүгінгі форум – келер ұрпақ игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуге, тәжірибе алмасуға және өзара тиімді байланыстар орнатуға жаңа мүмкіндіктер ашуына сенемін. Біз әрқашан ынтымақтастыққа дайынбыз және балаларымыз үшін бұдан да көп іс атқара алатынымызға сенімдіміз. Өйткені олардың бақыты – біздің ортақ болашағымыз.