Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркіменстанда президенттік сайлау науқаны басталды
14:10 / 2022-02-14

Түркіменстанның Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылдың 12 наурызында өтетін ел президентін сайлауға арналған сайлау науқаны басталғанын хабарлады.

Бекітілген жоспарға сәйкес, ең жоғары мемлекеттік лауазымға кандидаттарды ұсыну 14 ақпанда басталады, деп хабарлады Turkmenportal сайты.

Түркіменстанның сайлау кодексіне сәйкес кандидаттар ұсыну құқығы сайлау тағайындалған күнге дейін тіркелген саяси партияларға, сондай-ақ азаматтар тобына тиесілі.

Саяси партиялар өз съезінде президенттікке кандидаттарды ұсынады. Түркіменстанда үш саяси партия бар – Түркіменстанның Демократиялық партиясы, Түркіменстанның аграрлық партиясы және Түркіменстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің партиясы.

Түркіменстан президенттігіне кандидатты азаматтар топтары ұсынған кезде оны сайлаушылардың кемінде 10 мыңы қолдауы керек.

Түрікменстан президенті болып Түркіменстанда туған, жасы қырық жастан кіші емес, мемлекеттік тілді меңгерген, осы елде соңғы он бес жыл бойы тұрақты тұрып, жұмыс істейтін ел азаматы сайлана алады. Түркіменстан президентін ел халқы тікелей жеті жыл мерзімге сайлайды және ол ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.