Бүгін Түркіменстанда 26 наурызда өтетін кезекті Мәжіліс (парламент) сайлауы алдындағы үнсіздік күні.
Түркіменстанның мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, 25 наурыздан бастап саяси күштерді қолдауға бағытталған кез келген үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
Бұл ретте сайлау учаскелері үй-жайларынан тыс орналастырылған үгіттік баспа материалдары (плакаттар және т.б.) дауыс беру күні де орнында қалады.
Сайлауалды кезеңінде барлық кандидаттарға өз бағдарламаларын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауға мүмкіндік берілген және олар мемлекеттік теледидар мен радиода тегін эфир уақытын пайдалану құқығына ие болған.
26 наурызда ел азаматтары Түркіменстан парламентінің 125 депутатын сайлайтын болады.
Түркіменстанның Сайлау және референдум комиссиясының мәліметі бойынша, 258 кандидат тіркелген, олардың барлығы саяси партиялар мен тәуелсіз топтардың өкілдері ұсынған кандидаттар.
Осы күні облыстық, аудандық, қалалық халық кеңесі мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының депутаттары да сайланады.
Мемлекетте 3 миллион 496 мың 475 сайлаушы тіркелген.