Өзбекстанда жылына 4 рет рет піллә күтімі әдісі қазіргі кезде көптеген елдерде қызығушылық тудырып, осы тәжірибені пайдалануға ниет білдірушілер саны артуда.
Атап айтқанда, Түркіменстан Республикасы бұл ұсынысты қолданатын Орталық Азия елдерінің ішінде үшінші.
Осыған сәйкес Жібек және жүн өнеркәсібін дамыту комитетінде «Узбекипаксаноат» бірлестігінің төрағасы О.Жумаевпен және Түрікменстаннан келген инвесторлармен кездесуі өтті.
Қонақтарға Өзбекстанның піллә шаруашылығының негізгі көрсеткіштері, кластерлік жүйені енгізу, оның жұмыс істеу қағидаттары, мемлекет тарапынан салаға берілетін жеңілдіктер түсіндіріліп, «Узбекипаксаноат» бірлестігінің бауырлас Түрікменстан халқына осы мәселеде көмектесуге дайын екендігі айтылды.
– Мақсатымыз – «Өзбек үлгісі» бойынша піллә өсіруде тәжірибе жинақтап, оны баптаудың ерекше қыр-сырын меңгеру. Сондай-ақ, оны өзімізде енгізіп, жойылып бара жатқан піллә шаруашылығы дәстүрін қалпына келтіру. Ең бастысы, осы сала арқылы табыс табудың жолын кеңейтуді жоспарлап отырмыз, – дейді Түркіменстаннан келген инвестор М.Бердиев.
Кездесу соңында алдағы уақытта екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қою, тәжірибе жинақтау мақсатында түркімен мамандарының Өзбекстанға сапары мәселесі бойынша келісілді.
Гулноза Бобоева, ӨзА