French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркіменстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
11:07 / 2025-11-16

«Ташкент–Хумо» халықаралық әуежайында мемлекеттік сапармен елімізге келген Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев мәртебелі мейманды құрмет мінберіне шақырды.

Әскери оркестрдың сүйемелдеуімен мемлекеттердің гимндері орындалды. Құрмет қарауылы Президенттердің алдында салтанатты түрде сап түзеп өтті.

Ел басшылары ресми делегация мүшелерін құттықтады.

Сапардың негізгі шаралары ертең, 17 қараша күні өтеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Өзбекстан – Түркіменстан стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту және көпқырлы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланады.