Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркіменстан Президенті Өзбекстанға сапарын аяқтады
16:22 / 2023-11-09

Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Ташкент саммитінен кейін Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың Өзбекстанға сапары аяқталды.

Мәртебелі мейманды Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.

Екі ел арасындағы көп қырлы ынтымақтастық пен тереңдетілген стратегиялық әріптестік тұрақты дамып келе жатқанын айта кеткен жөн. Экономикалық ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті және басқа да халықаралық шаралар бұл қарым-қатынастарды жаңа деңгейге шығаратыны сөзсіз.

Икрам Аввалбаев, Насиржан Хайдаров(сурет), ӨзА