Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыруымен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов осы жылдың 4-5 қазаны аралығында Өзбекстанға ресми сапармен келеді.
Жоғары дәрежелі кездесудің күн тәртібінде Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік қатынастарын кеңейту мен нығайту мәселелері қарастырылған.
Негізгі мәселе сауда, көлік және транзит, энергетика саласындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен су шаруашылығындағы ынтымақтастық жобаларын ілгерілету, екі ел арасындағы байланысты нығайту және мәдени -гуманитарлық алмасу бойынша бірлескен бағдарламаларды іске асыруға бағытталуы күтілуде.
Мемлекет басшылары халықаралық саясат пен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады.
Сапар барысында экономикалық форумды қоса алғанда, екіжақты бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Келіссөздер соңында Мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесін қабылдау, көпжақты серіктестікті жеделдетуге бағытталған құжат пен келісімдерге қол қою көзделген.