Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркіменстан Президенті Өзбекстан Президентін құттықтады
20:05 / 2021-10-25

25 қазанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

Түрікменстан басшысы Шавкат Мирзияевті Өзбекстан Республикасының Президенттік сайлауында сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтады. Елдің жаңғыруы, оның халықаралық беделін көтеруге бағытталған тиімді реформалар мен жаңарулардың жалғасын табуына тілек білдірді.

Осы жылдың 4-5 қазанында Ташкент қаласында өткен жоғары деңгейдегі ресми іс-шараларда қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелері талқыланды.

Сұхбат барысында тараптар алдағы байланыстар, оның ішінде өңірлік ұйымдар аясындағы кездесулер жоспарын қарастырды.