Түркіменстан Президенті Ташкенттке келді
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыруымен Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов 14 шілдеде Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді.

Ташкент халықаралық әуежайында оны Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов және Ташкент қаласының әкімі Джахангир Артикходжаев қарсы алды.

Жылы жүзді кездесуден кейін бауырлас елдің делегациясы «Жаңа Өзбекстан» саябағында болып, Түркіменстан Президенті ондағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.

Сердар Бердімұхамедов кешеннің сәулеттік шешімдерімен және оның композициясының мәні мен ерекшеліктерімен танысты.

Өзбекстанға келген жоғары мәртебелі қонақтардың бұл тамаша кешенмен танысуы дәстүрге айналған.
