Түркіменстан Президенті Құрметті қонақтар аллеясына ағаш отырғызды
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының бірінші күнінің соңында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің қатысуымен «Куксарой» резиденциясының «Құрметті қонақтар» аллеясында ағаш отырғызды.
Бұл игі дәстүр таяу жылдары елдеріміз арасындағы көпқырлы ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің кеңеюіне негіз болатын жоғары деңгейдегі келіссөздердің жемісті нәтижелерін нығайта түседі.
Түрікменстан басшысы отырғызған ағаш халықтарымыз арасындағы достық пен тату көршіліктің нышандарының бірі болып қызмет етеді.



