Түркияның «көрінбейтін» дроны алғаш рет әуеге көтерілді
Түркияның украиндық қозғалтқышпен жабдықталған «көрінбейтін» ұшқышсыз ұшағы алғашқы ұшуын сәтті аяқтады.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, ANKA-3 ұшқышсыз ұшқыш жобасын «Turkish Aerospace Industries» (TAI) мемлекеттік компаниясы әзірлеген және украиндық «Прогресс» инженерлік конструкторлық бюросының қозғалтқышымен жабдықталған. Дрон 28 желтоқсанда бір сағаттан астам ұшты, 2,4 км биіктікте 280 км/сағ жылдамдыққа жетті.
ANKA-3 ұшағы туралы видео Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
ANKA-3 барлау, бақылау және жауынгерлік тапсырмаларды орындауға арналған. Ол 12 шақырымнан астам биіктікте ұша алады және 1200 келіге дейінгі пайдалы жүкті көтеріп, ауада 10 сағатқа дейін ұша алады.