Түркияның «Ajet» әуе компаниясы Өзбекстанға ұшуға рұқсат алды
«Узавиация» агенттігі Түркияның «Ajet» әуе компаниясына Өзбекстанға тұрақты рейстер жасауға рұқсат берді.
Агенттік дерегінше, рұқсатнама Өзбекстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім негізінде 21 ақпанда берілген.
Әуе компаниясы Анкара-Ташкент-Анкара бағыты бойынша B737-800 ұшағымен рейстерді орындайды.
AJet (бұрынғы AnadoluJet) - штаб-пәтері Анкарада орналасқан Turkish Airlines жобасының әуе компаниясы. 2023 жылдың сәуір айында ол Анкарадан Ташкентке сапарлар орындады.
2023 жылдың ақпан айында Turkish Airlines AnadoluJet-ті AJet әуе көлігі акционерлік қоғамы атауымен тәуелсіз әуе компаниясына айналдырды.