Түркиядан Өзбекстанға әуе рейстер саны артады
2022 жылдың 9 мамырынан бастап Ыстамбұлдан Ташкентке рейс саны аптасына 17-ге дейін артады.
Бұдан бөлек, Самарқанд, Үргеніш және Ферғана, сондай-ақ Өзбекстанның басқа қалаларына ұшу жиілігі арттырылатыны белгілі болды.
10 мамырдан бастап Ыстамбұл-Самарқанд рейсі аптасына төртке, Ыстамбұл-Ферғана рейсі екіден үшке дейін артады. Ыстамбұл-Үргеніш рейсі 16 мамырдан бастап аптасына екі рет орындалады.