12 ақпанынан бастап Түркияның Бурса аймағынан Өзбекстанға қызанақ пен бұрыш тұқымын экспорттауға уақытша тыйым салынды.
«Уздавкарантин» инспекциясының ақпарат қызметінің хабарлауынша, «BURSA TOHUMCULUK ZIRAAT VE TIC.A.S.» кәсіпорнынан Өзбекстанға әкелінген 85 келі қызанақ тұқымынан «Tomato brown rugouse fruit virus» анықталғанына орай осы аймақтан ипортқа уақытша тыйым салынды.
2021 жылы 11 ақпанда Өзбекстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде фитосанитарлық талаптарды бұзу туралы хабарлама Түркия Республикасының өсімдіктер карантині мен қорғау ұлттық ұйымына жіберілді.
Бүгінге дейін «Уздавкарантин» инспекциясына Түркия билігінен жауап хат келмеген. Соған орай қызанақ пен бұрыш өнімдерінің тұқымына уақытша шектеу Өзбекстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» заңына және Министрлер Кабинетінің 2020 жылғы 19 ақпандағы шешіміне сәйкес белгіленді.