Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты
Түркиядағы күшті жер сілкінісі құрбандарының саны 38 044 адамға жетті.
«Өткен аптада Түркияның оңтүстігінде болған күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 044 адамға жетті», - деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі AFAD-қа сілтеме жасап.
Әл-Жазира дерегінше, Сириядағы қаза болғандар саны 5,800, екі елдегі жер сілкінісі құрбандарының саны 43,800-ден асқан.
Табиғи апат мамандары Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісінің экономикалық шығынын 20 миллиард доллардан астам деп есептеуде. Америкалық Verisk Analytics компаниясының алдын ала болжамы бойынша, бұл соманың аз ғана бөлігі – шамамен бір миллиард доллар сақтандырылған.