Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 мыңнан асты
09:55 / 2023-02-15

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 418-ге жетті.

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарадағы Табиғи апаттарды басқару орталығында өткен шарада мәлімдеген.

«Осы апаттан қаза тапқан 35 418 азаматымның жаны жәннатта болсын», - деген ол.

Түркия басшысы қайғылы жағдайдың салдарын жоюға республиканың 71 провинциясынан 250 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылғанын атап өтіп, іздестіру-құтқару жұмыстарына 35 мыңнан астам адам жұмылдырылғанын және құрылыс техникасының саны 12335 бірлікке, ұшақтар – 76, кемелер – 26-ға жеткенін айтқан.