Түркияда 24 күн бойы жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысқан Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің білікті әскери қызметкерлері Ташкентке оралды.
Өзбекстан Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Шавкат Мирзияевтің бұйрығына сәйкес осы жылдың 8 ақпанында Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен құралған медициналық отряды жер сілкінісі және зілзаладан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету апат салдарын жоюға көмектесу үшін Түркияға аттанған еді.


Өзбекстан әскерилері жер сілкінісінен зардап шеккен түрік халқына бір айға жуық гуманитарлық көмек пен қолдау көрсетті. Осы уақыт ішінде олар барлығы 3860 азаматқа медициналық көмек көрсетті, оның 1795-і ерлер, 1177-сі әйелдер, 888-і балалар.
Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында Қорғаныс министрлігі медициналық отрядының қызметкерлерін БАҚ, қалың жұртшылық өкілдері, қорғаныс министрінің орынбасары және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
