Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркиядағы шахтада болған жарылыстан 28 адам қаза тапты
10:53 / 2022-10-15

Түркияның солтүстігіндегі Бартин қаласында орналасқан көмір шахтасында жарылыс болып, 28 адам қаза тапты.

Елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның мәлімдеуінше, оқиға Амасра қаласындағы шахтада болған. Жарылыстан 22 адам қаза тауып, 40-қа жуық кенші жарақат алған.

Ақпаратқа сәйкес, Жарылыс 300 метр тереңдікте болған. Бұл жерде 115 кенші болып, олардың біразы эвакуацияланған. 49 жұмысшы жер астында қалып қойған.

Жарақат алғандардың сегізі жансақтау бөлімінде жатыр, олардың біреуі ұшақпен Анкараға жеткізілді, бес адам Стамбулдағы Башакшехир қалалық ауруханасының күйік орталығына жеткізілді, делінген хабарламада.