Түркиядағы Жер сілкінісінен 16 ғимарат қирады
Түркияның Баликесир қаласында болған Жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Оқиға салдарынан 16 ғимарат қирап, бір адам қаза тапты, деп хабарлады елдің ішкі істер министрі Али Ерлиқоя.
— 6,1 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан қираған ғимараттардың тек төртеуінде ғана тұрғындар тұрған, — деді ол арнайы брифингте. — Жер сілкінісі бірнеше көршілес провинцияда, соның ішінде Ыстамбұлда да сезілген. Құтқарушылар үйінді астынан төрт адамды алып шықты. Өкінішке қарай, құтқарылған 81 жастағы азамат кейін көз жұмды.
Табиғи апаттарды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, зілзала ошағында кемінде 20 рет қайталама дүмпу тіркелген. Ең ауыр жағдай Баликесир, Измир, Маниса және Ыстамбұлда байқалған.