Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушылардың жұмысы аяқталды
10:23 / 2023-02-18

Түркияда 10 күн бойы іздеу-құтқару шараларын жүргізген қазақстандық құтқарушылар өз жұмысын аяқтады.

 Turkystan.kz сайтының хабарлауынша, алдымен Нұрдағы қаласындағы 35 құтқарушы өздеріне тапсырылған учаскеде барлық жұмыстарды бітірген. Олар үйінді астынан 3 адамды алып шыққан. Одан кейін Газиантеп қаласындағы құтқарушы топ та жұмысын аяқтап, техникалары мен құрал-саймандарын жиыстырып жатыр. Газиантеп қаласында құрылған жылжымалы аурухана да жиналды. Дәрігерлеріміз 140 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсеткен.

10 күн ішінде құтқарушылар 8 адамды үйінді астынан алып шыққан. Ертең олардың алғашқы легі Қазақстанға орала бастайды.

«Берілген тапсырмаларды орындап, жұмыстарды аяқтап жатырмыз. Қолымыздан келгенше күшіміздің бәрін салдық. Құтқарушыларымыз күні-түні кезекшілікке бөлініп, жұмыс істеп жатыр. Өте қауіпті жұмыс. Өздеріңіз де басқа мемлекеттердің, осы түрік елінің құтқарушыларының да жарақат алғанын көріп жатырсыздар. Тәртіптің арқасында осы жұмысты аман-есен аяқтадық», – деген ҚР ЖМ бірінші орынбасары Ибрахим Күлшімбаев.