Түркияда жол апатынан сегіз адам қаза тапты
Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп провинциясында шағын автобус пен бетон араластырғыштың соқтығысуы салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, 11 адам жараланды.
Anadolu агенттігі оқиғаның Ислахие-Хатай тас жолында болғанын хабарлады. Шағын автобус соқтығысу нәтижесінде, сайға құлаған.
«Сарапшылық тергеу жүріп жатыр... Жүк көлігінің жүргізушісі мен шағын автобус жүргізушісі жеңіл жарақат алған. Жүк көлігінің жүргізушісі емделгеннен кейін ұсталады деп жоспарлануда», - деген Газиантеп провинциясының губернаторы Кемал Себер БАҚ-қа.