English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркияда тікұшақ апатынан тоғыз әскери қызметкер қаза тапты
00:01 / 2021-03-05

Түркияның шығысында тікұшақ апатынан тоғыз әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Ihlas агенттігі.

«Құрлықтағы күштерге тиесілі «Cougar» тікұшағы Бингөлден 13:55-те Татванға аттанған болатын. Онымен байланыс сағат 14:25-те үзілді. Тоғыз сарбаз қаза тауып, тағы төртеуі жараланды», - делінген Түркия ұлттық қорғаныс министрлігі хабарында.

Агенттіктің хабарлауынша, оқиға орнына әскери, жедел жәрдем және құтқару тобы жіберілген.