Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркияда өткен парламент сайлауының қорытындысы жарияланды
09:54 / 2023-06-01

14 мамырда өткен 28-ші Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (парламент) сайлауының соңғы нәтижелері үкіметтік басылым – «Resmi Gazeteda» жарияланды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге республикада, шетелде және шекара бекеттерінде тіркелген 64 миллион 145 мың 504 сайлаушының 56 миллионға жуығы қатысқан. Бұл сайлаушылардың 87,5 пайызына тең.

Сонымен қатар, 1 миллион 393 мың 307 бюллетень жарамсыз деп танылған.

Сайлау нәтижесіне орай биліктегі Әділет және даму партиясы парламентте 268 орынға ие болды.

Қалған депутаттық мандаттар былай бөлінген: «Жаңа өркендеу» - 5, «Ұлтшылдық қозғалыс» - 50, «Жасылдар» - 61, «Жұмысшылар» - 5, «Жақсы» - 43 және Республикалық халық партиясы - 169.