Түркияда ұшақ апатқа ұшырап, 2 ұшқыш қаза тапты
25 сәуірде Түркияның Бурса қаласындағы Юнусели әуежайының маңындағы тұрғын ауданда бір моторлы оқу-жаттығу ұшағы құлады.
Haberank басылымының дерегінше, оқиға салдарынан екі ұшқыш қаза тапқан.
«Жаттығу ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан ұшқыш пен курсант ұшқыш қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша апат нәтижесінде екі үй мен екі көлікке зиян жеткен», - деген Бурса губернаторы Якуп Джанболат.
Қазіргі уақытта апат салдарын анықталуда.