Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркияда сайлаудың алдын ала нәтижелері жариялануда
09:58 / 2023-05-15

Түркияда өткен президенттік және парламенттік сайлауда берілген дауыстарды санау процесі жалғасуда.

«TRT» телеарнасының жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де хабарлаынша, сайлау жәшіктерінің 98,55 пайызы ашылып, бюллетеньдер саналған кезде қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанның 49,33 пайыз, оппозиция жетекшісі Кемал Киличдороглу 45 пайыз, оппозицияның тағы бір өкілі Синан Оган 5,23 пайыз дауыс жинағаны белгілі болды. 

Президенттікке кандидат сайлауда жеңіске жету үшін 50 пайыздан астам дауыс жинауы керек.

Хабарламада айтылуынша, жеңімпаз шетелдегі сайлау учаскелерінде тіркелген дауыстар толық есептелгеннен кейін белгілі болады.

Бірінші турда ешбір кандидат жеткілікті дауыс жинай алмаса, екінші тур 28 мамырда өтеді.