Түркияда президенттік және парламенттік сайлауда дауыс беру басталды
Түркияда президенттік және парламенттік сайлауға арналған сайлау учаскелері ашылды.
Hurriyet газетінің хабарлауынша, дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жоғары сайлау комиссиясының мәліметінше, 81 провинцияда 191 мыңнан астам сайлау жәшіктері орнатылған. 60 721 475 азамат сайлау құқығына ие.
Шетелдік сайлау учаскелерінде дауыс беру 27 сәуір мен 9 мамыр аралығында өтті. Оған 1,8 миллионнан астам түрік азаматы қатысқан.