Түркияда мигранттар мінген қайық суға батып, екеуі қаза тапты
Түркияның Измир қаласындағы Урла аймағының жағалауында заңсыз мигранттар мінген қайық суға батып, екі адам қаза тапты.
Hurriyet басылымының дерегінше, қайғылы жағдай орнынан 24 адам құтқарылған.
"Измирдегі Урла ауданының жағалауында заңсыз мигранттар мінген қайық суға батып кетті. Жағалау күзетінің жасақтарының әуеден және құрлықтан жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде 2 заңсыз мигранттың мәйіті табылып, 24-і құтқарылды», - деп жазады басылым.
Құтқару операциясына бір ұшақ, бір тікұшақ, екі қайық және жағалау күзеті сүңгуір тобы жұмылдырылғаны айтылған.